Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді несие алу қиындай ма? – Қазақстан банктерінде қарыз беру ережелері өзгерді

Енді несие алу қиындай ма? – Қазақстан банктерінде қарыз беру ережелері өзгерді

Фото: pixabay.com
2025 жылғы 7 қарашада Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің кредиттік тәуекелді басқару және ішкі бақылау жүйесі ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Жаңа талаптар несие алушылардың кірісін, қарыздарын, төлем тарихын және қаржылық тұрақтылығын талдауды міндеттейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа ережелер бойынша:
• Банктер өз кредиттік саясатына сәйкес несие беру және кредиттік тәуекелді басқаруды жүзеге асырады. Бұл саясатта несие беру бағыттары, шешім қабылдау тәртібі, несие алушылардың қаржылық жағдайын талдау процедуралары көрсетілген.
• Егер жеке тұлғаға берілген несие немесе шартты міндеттемелер сомасы банк капиталының 0,01-0,02%-дан асса, банк несие алушылардың кірістері, мүлкі, басқа қарыздары, төлем қабілеттілігі, кредиттік тарихы, есепшот операциялары, әлеуметтік және білім деңгейі сияқты ақпараттарды талдауы керек.
• Жоғары тәуекелді несие алушылар ретінде үш жылдан аз кредиттік тарихы бар, соңғы 12 айда қарызды кешіктіріп төлеген, бірнеше банктен несие алған немесе ай сайынғы төлемдері кірісінің 45%-дан асатын тұлғалар танылады.
• Несие алушылардың дефолт (төлем қабілетсіздік) ықтималдығы 5%-дан асса және несие берумен бірге 5 пайыздан жоғары өссе, банк тұрақты мониторинг жүргізеді.
• Несие алушының соңғы 12 айдағы 90 күннен астам қарызы болса, банк қарыз жүктемесінің шекті коэффициентін 50%-ға дейін белгілейді.
• Несие алушы-құқықтық тұлғаларға берілетін ірі несиелер (500 миллион теңгеден немесе банк капиталының 0,2%-дан көп) банк қаржылық есептілікті, кіріс-шығыс көрсеткіштерін, басқару сапасын, нарықтағы жағдайын және даму перспективаларын талдайды.
• Банктер енді несие беру кезінде бұрынғы қарыздарды кешіктіріп төлеген, төлем қабілетсіздігіне ұшыраған немесе қайта құрылымдау нәтижесі тиімді болмаған несие алушыларға оң шешім қабылдай алмайды.

Жаңа ережелер 2025 жылғы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.
Бұл өзгерістер банктердің несие берудегі тәуекелдерін азайтуға, несие алушылардың төлем қабілеттілігін қатаң бақылауға және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
14 қараша 2025 ж. 68 0

Тақырыптық қабылдау өтті

14 қараша 2025 ж. 164

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930