Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина рекорд орнатып, Гиннесс кітабына енді

Елена Рыбакина рекорд орнатып, Гиннесс кітабына енді

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA финалдық турниріндегі жеңісі үшін ол 5,235 миллион доллар (2,7 миллиард теңге) көлемінде сыйақы алды.
Елена Рыбакина рекорд орнатып, Гиннесс кітабына енді
Фото: Robert Prange/Getty Images
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресми түрде Гиннесс рекордтар кітабына енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол теннис тарихындағы ең ірі жүлде қоры бойынша рекорд орнатып отыр. Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA финалдық турниріндегі жеңісі үшін ол 5,235 миллион доллар (2,7 миллиард теңге) көлемінде сыйақы алды.
Бұл қаражат – теннис тарихында бір турнир үшін спортшыға берілген ең ірі қаржылай сыйлық. Бұған дейінгі рекорд беларусьтік Арина Соболенко мен испан теннисшісі Карлос Алькарасқа тиесілі болған. Олар 2025 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тың ашық чемпионатында (US Open) жеңіске жетіп, әрқайсысы 5 миллион доллар табыс тапқан еді.
Айта кеткен жөн, бұл Рыбакинаның Гиннесс рекордтар кітабындағы алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін ол 2024 жылы Аустралия ашық чемпионатында Анна Блинковаға қарсы өткен матчта "Үлкен дулыға" турнирлері тарихындағы ең ұзақ тай-брейкке (22:20) қатысып, тағы бір рекорд орнатқан еді.
Жалпы алғанда, 26 жастағы Елена Рыбакина WTA турнирлерінде жекелей сында 11 титул жеңіп алып, мансабында 24,438 миллион доллар табыс тапты.
14 қараша 2025 ж. 106 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031