Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Рыбакинаны WTA қорытынды турниріндегі жеңісінен кейін орденмен марапаттады

Тоқаев Рыбакинаны WTA қорытынды турниріндегі жеңісінен кейін орденмен марапаттады

Ол спортшыны ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойғанын айтты
Тоқаев Рыбакинаны WTA қорытынды турниріндегі жеңісінен кейін орденмен марапаттады
Фото:
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда мемлекет басшысының құттықтау хабарламасын жариялады.
«Сіз теннистен жыл қорытындысы саналатын беделді жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетіп, асқан ерік-жігердің арқасында жеңіске жеттіңіз.
Қазақстандық және әлемдік теннис спортының тарихындағы осынау айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін.
Дүбірлі додадағы жеңісіңізді, теннистің дамуына қосқан үлесіңізді және аталған спортты елімізде насихаттауға сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойдым.
Сізге зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстан Республикасының даңқын асыратын жаңа жетістіктер тілеймін», – делінген құттықтауда.
Айта кетейік, осыған дейін Елена Рыбакина финалдық кездесуде Беларусь спортшысы, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңгені хабарланған болатын.



09 қараша 2025 ж. 216 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031