Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда TikTok желісінен миллионнан астам видео өшірілді

Қазақстанда TikTok желісінен миллионнан астам видео өшірілді

pixabay.com2025 жылдың бірінші тоқсанында TikTok платформа ережелерін бұзғаны үшін Қазақстанда 1,4 миллионнан астам видеоны өшірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жұмыс пайдаланушылар үшін қауіпсіз және қолайлы орта құруға бағытталған. Платформа контентті тәулік бойы тексеріп отыру үшін озық технологиялар мен модераторлар тобын, оның ішінде қазақ тілінде сөйлейтін мамандарды тартқан.

TikTok есебіне сәйкес, Қазақстанда ереже бұзғандардың 99 пайызы автоматты түрде анықталған. Видеолардың тағы 96%-ы жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылған. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары. Салыстыру үшін 2024 жылы Қазақстанда 6,5 миллион видео өшірілген. 2025 жылдың бірінші тоқсанында бүкіл әлем бойынша TikTok 211 миллион видеоны жойған. Олардың 94,3 пайызы 24 сағат ішінде өшірілген, ал 87 пайызы автоматты модерация арқылы жойылған.

Бұған қоса TikTok түнгі уақыттағы жаңа "медитация үзілістері" қызметін енгізген. Бұл пайдаланушыларға ұйықтар алдында демалуға көмектеседі. 18 жасқа толмаған жасөспірімдер үшін ол әдепкі қалпы бойынша қосылған. Сондай-ақ кешкі 22:00-ден кейін ұйықтауға дайындалуға арналған жаттығулар көрсетіледі. Ересек адамдар бұл қызметті баптаудан қоса алады.

Еске салсақ, бұған дейін TikTok балалар мен жасөспірімдерді қорғау үшін "Отбасылық баптаулар" қызметін кеңейткенін жазған едік. Енді ата-аналар сағат 22:00-ден кейін балаларының платформаға кіруіне шектеу қоя алады.
16 шілде 2025 ж. 163 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031