Жапония туралы 33 дерек
1. Жапония төрт негізгі аралдан тұрады: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку және Кюсю.
• Хонсю ел аумағының 61 пайызын,
• Хоккайдо 22 пайызын,
• Кюсю 11 пайызын,
• ал Сикоку 5 пайызын құрайды.
Бұған қоса, Жапонияда 6800-ден астам шағын арал бар.
2. Жапон тіліндегі «караоке» сөзі «бос» дегенді білдіретін «кара» және «оркестр» мағынасындағы «оке» сөздерінен шыққан.
3. Жапонияда әлемдегі ең жоғары өмір сүру ұзақтығы тіркелген: орташа есеппен 85 жыл.
4. Елде 100 жастан асқан 50 000-нан астам адам өмір сүреді, бұл Жапонияны ұзақ жасаушылар саны бойынша көшбасшы елдердің қатарына қосады.
5. Жапонияның теміржол жүйесі әлемдегі ең дәлдігі жоғары жүйелердің бірі болып табылады. Поездар секундтық дәлдікпен жүреді.
6. Жыл сайын Жапонияда 1500-ден астам жер сілкінісі болады, себебі ел Тынық мұхиттағы «Отты шеңберде» орналасқан.
7. Икебана деп аталатын жапондық гүлдерді сәндеудің өнері үйлесім, тепе-теңдік және қарапайымдылыққа негізделеді.
8. Жапон халқы жылына шамамен 24 миллиард пакет рамен тұтынады.
9. Сумо күресі – Жапонияның ұлттық спорты, оның тарихы 1500 жылдан астам уақытты қамтиды.
10. Жапонияда 6000-нан астам адам тұрмайтын арал бар.
11. Фукуока қаласында әлемдегі алғашқы тайфуннан зардап шеккен метро жүйесі орналасқан.
12. Жапонияда шайпұл беру әдепсіздік деп саналады және мейрамханалар мен басқа да қызмет көрсету орындарында қабылданбайды.
13. Жапон архипелагы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3000 шақырымнан астам жерге созылып жатыр.
14. Нисияма Онсэн Кэюнкан – 705 жылы құрылған әлемдегі ең көне жұмыс істеп тұрған қонақүй. Ол Яманаси префектурасында орналасқан.
15. Жапония әлемдегі екінші ең ірі музыка нарығына ие.
16. Окуносима деп аталатын аралда жүздеген еркін серуендейтін қояндар мекендейді, сондықтан ол «Қояндар аралы» деп аталады.
17. Жапонияда 200-ден астам жанартау бар, оның 108-і белсенді болып саналады.
18. Әлемдегі ең қысқа эскалатор Кавасаки қаласында орналасқан және небәрі бес баспалдақтан тұрады.
19. Жапонияда семіздік деңгейі әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі. Бұл дәстүрлі тамақтану және порцияларды бақылау мәдениетінің арқасында.
20. Жапонияда ислам ең жылдам таралатын дін саналады.
21. Елде 130-дан астам мешіт және көптеген намаз оқу залдары бар.
22. Жапонияда шамамен 250 мың мұсылман тұрады.
23. Кейбір жапондар жапондардың түркі халықтарымен туыстығына сенеді және бұл идеяны қолдайды. 1921 жылы Жапонияда «Туран Ұлттық Одағы» құрылған.
24. Жапон тілі түркі, моңғол және корей тілдерін қамтитын алтай тілдері тобына жатады.
25. Жапондар әлемдегі ең еңбекқор халықтардың бірі саналады. Олар тәртіптілігімен, әдептілігімен, сабырлылығымен және ұқыптылығымен ерекшеленеді.
26. 50-59 жас аралығындағы жапондардың 48 пайызы күніне 6 сағаттан аз ұйықтайды.
27. Жапония – ерекше мәдениеті бар ел, демалу үшін ең тамаша орындардың бірі. Бұл жерде Фудзи тауы, гүлдеген сакура, футуристік роботтар мен ежелгі дәстүрлер қатар дамыған.
28. Елдің дәстүрлі өнер түрлеріне шай рәсімі, каллиграфия және гүлдерді сәндеу жатады.
29. Самурайлар Жапонияда 19-ғасырдың ортасына дейін әскери сословие болған.
30. Жапония әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі саналады.
31. БҰҰ рейтингі бойынша өмір сүру деңгейі жағынан Жапония әлемде 10-орында.
32. Жапония халқы саны бойынша әлемде 11-орында, ал аралдық елдер арасында Индонезиядан кейін 2-орында.
33. Жапонияның экономикасы әлемдегі ең дамығандардың бірі және ЖІӨ көлемі бойынша АҚШ, Қытай және Германиядан кейін төртінші орында.
Мейңржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ