Ғалымдар Жердегі өмір қашан аяқталатынын анықтады
Жапониядағы Тахо университетінің ғалымдары NASA-мен бірге Жердегі тіршіліктің қашан аяқталатынын есептеді.Күн белсенділігінің нәтижесінде біздің планетамыз 1 000 002 021 жылға дейін өмір сүруге жарамды. Мұндай қорытынды Күн белсенділігінің өзгеру жылдамдығы мен Жер температурасы туралы мәліметтер негізінде жасалды.
Адамзат басқа ғаламшарларда өмір сүре ала ма?
"Біз Жердің тағы 1 миллиард жыл ішінде оттегісіз қалмауы үшін ешқандай шара қолдана алмай отырмыз", - делінген ғалымдардың мәлімдемесінде.
Тағы бір миллиард жылдан кейін біздің планетада тек кейбір бактериялар қалады. Қартайған Күннің белсенділігі салдарынан қарқынды сәуле барлық тіршілік иелерін жойып жібереді. Күннің күшті сәулелері оттегін күйдіретіндіктен, оның мөлшері айтарлықтай азаяды, дейді ғалымдар.
Жерде ақырзаман болатынына әлемнің ең бай адамдары Джеф Безос пен Илон Маск та сенеді. Олар осы жолда бірі Айды екіншісі Марсты игеруді қолға алып жатыр.
Марста тіршілік ету мүмкін бе?
"Біз Жер бетінен кетеміз, кетуге мәжбүрміз. Қалғысы келгендер қала берсін. Миллиондаған адам айда жұмыс істеп, жер бетіндегі ауыр өнеркәсіптік нысандарды сол жаққа көшіруге болады. Бұл Жер бетіндегі тым асқақ қажеттіліктерді өтеудің бірден-бір жолы", – деген еді Безос.
Ал жаңа идеяларды жүзеге асырудан шаршамайтын Илон: "100 жыл ішінде Марс бетін Жер сияқты суы мол, ауасы саф планета етемін" деп айды аспанға бір-ақ шығарған еді. Біз бұл туралы “Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары” атты көлемді мақаламызда айтқан едік.
Оның ойынша, кезі келіп адамдар Жер шарын тастап кетеді. Сол кезде адамзаттың жаңа мекені Марс сияқты ғаламшарлар болмақ екен.
Сонымен, 2024 жылы америкалық кәсіпкер Илон Маск алғаш рет адамдарды Марсқа жіберуді жоспарлап отыр. Олар Қызыл планетаны зерттеп қана қоймай, Жерден тыс пайдалы ресурстарды белсенді іздеумен де айналысады.
Біз басқа ғаламшарларда өмір сүре аламыз ба?