Brent баррелі 86,85 долларға дейін арзандады

Ресми дерек бойынша, Brent баррелі 0,38%-ға арзандап, 86,85 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 0,43%-ға түсіп, қазір бір баррелі 85,24 долларға саудаланып жатыр. Нарықтағылар АҚШ Федералды резервтік жүйесі отырысының нәтижелерін күтуде. Сарапшылардың пікірінше, реттеуші ақша-кредит саясатын жақында қатаңдатпақ. "Мұнай бағасы АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін деген ақпарат жарияланғаннан кейін төмендеуде", – деді Rystad Energy сарапшылары. "Қара алтынның" арзандауына америкалық мұнай институтының АҚШ-тағы мұнай қорына қатысты деректері де ықпал етуде. Өткен аптада қор көлемі 0,87 миллион баррельге азайған болатын. Табиғат Нұрболат