Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ақша айырбастау орындарында доллар 536 теңгеден сатылып жатыр

Қазақстанда ақша айырбастау орындарында доллар 536 теңгеден сатылып жатыр

Kurs.kz Қазақстанда ақша айырбастау орындарында доллар 536 теңгеден сатылып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pexels.com
Күн өткен сайын теңгенің долларға шаққандағы бағасы әлсіреп жатыр. Қазақстандық биржадағы соңғы баға бойынша бір доллар 524,75 теңгеге сатылды. Бұл өткен сауда-саттықпен салыстырғанда 12 теңгеге артық. 29 қарашада сауда-саттық 512,52 теңгеге аяқталған еді.
Бүгін Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды 520 теңгеге сатып алса, 530 теңгеге сатып жатыр. Ал Алматыда сатып алу бағасы – 525 теңге, сату – 529 теңге.
Фото: kurs.kz
Kurs.kz мәліметтері бойынша бірнеше қалада, соның ішінде Орал мен Ақтөбеде айырбастау пункттерінде доллардың сату бағасы 535-536 теңгеге жеткен.
Еске салайық, бұған дейін ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға доллар сатып алмауға кеңес берді. Сүлейменов қазіргі уақытта доллар жинақ құралы болмауы керек екенін, себебі теңгелік құралдар жақсы кіріс беретінін айтты. Ол базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылданғанын және бұл жеке тұлғалар үшін депозит мөлшерлемелерінің артуына әкелетінін атап өтті. Сондықтан ақшасын банкке салғысы келетіндерге асығыс әрекет жасамауды ұсынды.
02 желтоқсан 2024 ж. 139 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930