Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда онлайн казино жарнамалаған блогерлерді қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды

Қазақстанда онлайн казино жарнамалаған блогерлерді қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды

Фото: pixabay.com
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов онлайн казино жарнамалаған блогерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет отырысында сөйлеген Бижановтың айтуынша, блогерлер тарапынан онлайн казиноны жарнамалау кең таралған құбылысқа айналып, қоғамда құмар ойынға тәуелділікке әкеліп жатыр.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бүгінде 18 блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы 37 инфлюенсер онлайн казиноны жарнамалаған.
“Олардың көбі бұл заң бұзушылықты кездейсоқ жасамаған. Керісінше, заңды жүйелі түрде елемей келеді. Мұны жарнамалағаны үшін нақты жауапкершіліктің болмауы жағдайды қиындатып отыр. Қазіргі әкімшілік айыппұлдар олардың жарнамадан тапқан табысына мүлде сәйкес келмейді”, – деді Бижанов.
Осыған байланысты агенттік онлайн казиноны жарнамалағаны үшін қаржы пирамидасын насихаттауға қарсы заңдарға ұқсас етіп, қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды. Бұл ұсынысты үкімет қолдады.
07 қазан 2025 ж. 416 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930