Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан әйелдерді жүктілікке дайындау үшін бюджеттен 5,1 млрд теңге бөлді

Қазақстан әйелдерді жүктілікке дайындау үшін бюджеттен 5,1 млрд теңге бөлді

Оған әйелдер 12 түрлі зерттеуден тегін өтеді
Қазақстан әйелдерді жүктілікке дайындау үшін бюджеттен 5,1 млрд теңге бөлді
Фото:
istockphoto.com
Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет «Аналар саулығы» мақсатты бағдарламасы аясында жүктілікке дайындық жүргізу үшін 5,1 млрд теңге бөлді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, бұл ақша әйелдерді тегін зерттеп, қажет болған жағдайда, тегін емдеу үшін бөлініп отыр.
«Әйелдер денсаулығына жақсы қарау үшін биылдан бастап алғашқы рет дайындық мәселесіне бюджеттен 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл дегеніміз әйел адам жүктілікке дайындалу үшін 12 тегін зерттеуден өтеді. Қажет болса, сауықтырудан өтеді», - деп мәлім етті министр.
Жалпы, министрліктің мәліметіне сүйенсек, емханаларда «Әйелдер консультациясы» бөлімшелері қайта ашылды. Қауіп тобына жататын және шалғай өңірлерден келген жүкті әйелдерді алдын ала бақылауға алу үшін «Салауатты Ана» пансионаттары жұмысын бастады.



10 қазан 2025 ж. 275 0

Қазақстанда күн жылынады

18 наурыз 2026 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031