Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда енді бір, екі теңгеліктер шығарылмайды

Қазақстанда енді бір, екі теңгеліктер шығарылмайды

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда енді номиналы 1 және 2 теңге болатын тиындар шығарылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, бұл шешім осындай шағын номиналды тиындарды шығаруға қосымша шығын кетуіне байланысты қабылданған.
"Оны шығару орынсыз екенімен келісеміз (1 теңгені - еск.), сондықтан негізгі жоспарымыз мынадай: ол айналымда бар, қала береді, бірақ қосымша шығаруды жоспарлап отырған жоқпыз. Сондай-ақ, бұл 2 теңгеге де қатысты", - деді Сүлейменов Сенат дәлізінде.
Ол айналымдағы тиындар алынбайтынын, алайда жаңаларын шығару тоқтатылатынын мәлімдеді.
"Айналымда, қалтамызда жүргендерді алып тастамаймыз. Бірақ жаңасына ақша жұмсамаймыз", - деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.

19 маусым 2025 ж. 333 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031