Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде микронесие алушылар саны күрт көбейген

Елімізде микронесие алушылар саны күрт көбейген

Бірінші кредиттік бюро 2023 жылдың тамыз айында қазақстандықтарды несиелеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.
Тамыз айында берілген несиелердің жалпы көлемі шілдедегі рекордтық көрсеткішке жақын болды – шамамен 1,4 трлн теңге.
Сәуір айынан бастап алғаш рет жаңа несие рәсімдеген қазақстандықтардың саны төмендеді: шілдедегіден 85 мың адамға аз. Бірақ қарыз алушылар әлі де көп – шамамен 2,5 миллион адам. Кепілсіз тұтынушылық несие секторында соңғы уақытта алғаш рет құлдырау байқалды. Микроқарыздар алушылар саны, керісінше, шілдедегі көрсеткіштен 22 мың адамға артып, 443 мың адамға жетті, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, автонесиелер саны артып келеді. Тамыз айының соңына қарай берілген қарыздардың саны 400 мыңнан асқан.
Ал заңды тұлғаларға берілген несиелер көлеміне келсек, өткен аймен салыстырғанда күрт өсім бар.
Шілдеде 1,1 трлн теңге несие берілсе, тамызда заңды тұлғалар 1,6 трлн теңге қарыз алған. Бұл 2023 жылғы рекорд. Қарыз алушылар мен келісімшарттардың саны айтарлықтай өзгерген жоқ, бірақ берілген несиелердің орташа сомасы 36% - ға, 29 млн теңгеге дейін ұлғайды. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне портфель 23,5 трлн теңгені құрайды, - делінген хабарламада.
28 қыркүйек 2023 ж. 295 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031