Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылдан бастап бағалы қағаздармен сауда-саттық критерийлері өзгереді

2026 жылдан бастап бағалы қағаздармен сауда-саттық критерийлері өзгереді

Фото: freepik
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 2 қазандағы қаулысымен биржада бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүзеге асыру критерийлері айқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бағалы қағаздардың (инвестициялық пай қорларының пайларын және борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда) сауда-саттығын жүзеге асырған кезде мынадай өлшемшарттар қатар сақталады:

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін биржаларда бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер көлемі күнтізбелік айда кемінде 25 (жиырма бес) миллион теңгені құрайды;
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін биржаларда бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер саны күнтізбелік айда кемінде 50 (елу) мәмілені құрайды;
бағалы қағаздарды IPO (Initial Public Offering) не SPO (Secondary Public Offering) өткізу жолымен орналастыру немесе еркін айналыстағы бағалы қағаздар саны эмитенттің сатып алғандарын шегергенде орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы санының кемінде 10 (он) пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін биржаларда инвестициялық пай қорлары пайларының сауда-саттығын жүзеге асырған кезде бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер бойынша мынадай өлшемшарттар қатар сақталады:

инвестициялық пай қорларының пайларымен жасалатын мәмілелер көлемі күнтізбелік айда кемінде 20 (жиырма) миллион теңгені құрайды;
инвестициялық пай қорларының пайларымен жасалатын мәмілелер саны күнтізбелік айда кемінде 10 (он) мәмілені құрайды.
favicon
adidas.kz
Толығырақ
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін биржаларда бір шығарылым шегінде борыштық бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асырған кезде ашық сауда-саттық әдісімен орналастырылған және осы шығарылымның айналыстағы борыштық бағалы қағаздарының көлемі бойынша кемінде 1 (бір) миллиард теңгені құрайтын өлшемшарт сақталады.

Еркін айналыстағы бағалы қағаздар санын есептеу кезінде эмитенттің сатып алғандарын шегергенде орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы санынан:

мемлекеттің;
эмитенттің лауазымды адамдары мен олардың жақын туыстарының;
эмитенттің лауазымды адамдары мен олардың жақын туыстары ірі акционерлері болып табылатын немесе мүлікте тиісті үлесі бар және (немесе) лауазымды адамдары болып табылатын заңды тұлғалардың;
эмитенттің ірі акционерлері мен олардың жақын туыстары ірі акционерлері болып табылатын немесе мүлікте тиісті үлесі бар және (немесе) лауазымды адамдары болып табылатын заңды тұлғалардың;
эмитенттің еншілес ұйымдарының және эмитенттің ірі акционерінің еншілес ұйымдарының;
әрқайсысына осы бағалы қағаздар эмитент сатып алғандарын шегергенде осы эмитенттің орналастырылған бағалы қағаздарының жалпы санының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын көлемде тиесілі тұлғалардың меншігіндегі бағалы қағаздар алып тасталады.
"Қазақстан қор биржасы" АҚ және "Астана "халықаралық қаржы орталығының биржасы" ай сайын, есепті айдан кейінгі 15-ші күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурстарында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар туралы ақпаратты орналастыруға ұйғарылды.
Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
09 қазан 2025 ж. 136 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031