Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы үш өңірдің басшылары коммуналдық қызметке бөлінген 1 триллион теңгені талан-таражға салған

Қазақстандағы үш өңірдің басшылары коммуналдық қызметке бөлінген 1 триллион теңгені талан-таражға салған

Фото: pixabay.com
Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеруден кейін әкімдіктер мен коммуналдық кәсіпорындардың жұмысында дерлік бір триллион теңгеге жуық заңбұзушылықтар анықталды. Ең көп бұзушылықтар Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақмола облыстарында тіркеліп, қаражаттың басым бөлігі тиімсіз жоспарлау мен қаржылық заңбұзушылықтарға кеткені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, 472 миллиард теңге көлеміндегі бұзушылықтар жоспарлау кезеңінде жіберілсе, 300 миллиард теңгеге жуық сома тікелей қаржылық заңбұзушылықтарға тиесілі. Ал тағы 200 миллиард теңге тиімді пайдаланылмаған қаражат ретінде тіркелген.
Жылдың бірінші жартысында ревизиялық комиссиялар 121 мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымдарға тексеру жүргізіп, жалпы сомасы 962 миллиард теңге болатын заңбұзушылықтарды анықтаған. Бұл тексерілген қаражаттың 70%-на жуық. Ең көп бұзушылықтар Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақмола облыстарында тіркелді.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз хатшысы Динара Әлімованың айтуынша, биыл алғашқы алты айда 218 миллиард теңге қалпына келтірілген немесе өтелген. Сонымен қатар 48 материал құқық қорғау органдарына жолданған. Сарапшылардың пікірінше, мәселе жүйелі сипатқа ие. Салық төлеушілердің бюджет қаражатының жұмсалуын бақылай алмауы шенеуніктерге жауапсыздыққа жол беріп отыр.
Экономист Марат Абдурахмановтың айтуынша, шешім Конституциялық заң мен Салық кодексінде азаматтардың бақылау тетіктерін нақтылауда жатыр.
"Дамыған елдерде салық төлеушілер бюджет ақшасының қозғалысын бақылай алады. Мұндай бақылау болғанда, лауазымды тұлғалар қаражатты тиімсіз жұмсауға батылдық етпес еді", – деді ол.
Экономист Бекнұр Қисықов қаржылық менеджменттің ашық емес екенін атап өтті.
"Жобалар деңгейінде алдын ала мониторинг жүргізілмейді. Проблемаларды ертерек анықтап, шешудің орнына бәрі постфактум жасалады. Соның салдарынан брусчатканы қайта-қайта ауыстырып отырамыз", – деді Бекнұр Қисықов.
Мамандар антикоррупциялық және қаржылық мәдениетті дамыту қажет екенін айтады. Ал бюджет қаржысын тиімді бөлу үшін цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу шығындарды азайтып, қаржының мақсатты жұмсалуына ықпал етер еді.
Еске салайық, бұған дейіноблыс әкімі орынбасарының пара алғанын хабарлаған азамат 12 млн теңге сыйақы алғанын жазған едік. Бұл 120 миллион теңге пара алған бұрынғы облыс әкімінің орынбасары туралы хабарламамен байланысты.
08 қазан 2025 ж. 259 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031