Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мұғалімдер жылдар бойы армандаған заң туралы айтылды

Қазақстанда мұғалімдер жылдар бойы армандаған заң туралы айтылды

Қазақстанда мұғалімдер жылдар бойы армандаған заң туралы айтылды
MidjourneyМәжіліс депутаты Асхат Аймағанбетов "Педагог мәртебесі туралы" Заңға өзгерістер енгізілгенін айтты. Өзгерістер мұғалімдерді қағазбастылықтан босатып, жауапкершілік шекарасын айқындау және кез келген қысымнан қорғауды күшейтуге бағытталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мұғалім мобилограф, блогер, күзетші немесе чат модераторы болмауы керек. Оның басты жұмысы – баланы оқыту", - деп жазды ол.

Есеппен күрес
Аймағанбетовтің айтуынша, енді мұғалімдер құжаттарды бірдей уақытта қағазда және электрон жүйеде толтыруға мәжбүр болмайды.

"Қайталанатын есепке – тоқтау. Қағаз ба, цифр ма – біреуін ғана толтыру. Сонымен қатар, "Бір рет бір жүйеге енгіздің бе? Жетеді. Күнделік немесе НОБД немесе Bilimland-тің біреуіне ғана енгізілген дерек бірнеше жүйеде қайталанбауға тиіс", - деп жазды ол.

2. Әлеуметтік желілер - тек ерікті түрде



big-game1.kz
Жарнама
Бильярдные столы в Казахстане
На заказ. Для профессиональной и домашней игры. Готовые решения. Скидки до 30%

Подробнее
Өзгерістер мұғалімдерді әлеуметтік желіде парақша жүргізуге, сабақтан фото немесе видео жариялауға мәжбүрлеуге тыйым салады.

"Бұл – тек еркімен. Чаттар мен хабарламалар – тек ресми LMS жүйелері мен электрон поштада. Мұғалім тәулік бойы чаттарда арпалысып отыратын модератор емес", - деп жазды Аймағанбетов.

3. Жауапкершіліктің айқын шекаралары

Заң жобасында "міндетіне жатпайтын функциялар" ұғымы бекітіліп, мұғалімдердің оқушылардың мектептен тыс әрекеттері үшін жауап бермейтіні нақты көрсетіледі.

"Мектептен тыс жағдайға мұғалім жауап бермейді. Ол күзетші де, детектив те емес", - деді ол.

4. Мектеп – ата-ана келісімі

Мектеп пен ата-ана арасындағы келісімнің мәртебесі күшейеді.

"Тәрбие – ортақ іс. Бар ауыртпалық мұғалімге ғана түспеуі тиіс. Енді ата-аналар мен мектеп осы келісімшартты қатаң ұстануға міндетті болады", - деп атап өтті Аймағанбетов.

5. Мұғалімдерді қорғау және жазаларды күшейту

Заң жобасы педагог мәртебесіне қатысты заңнаманы бұзғандар үшін айыппұлдарды көбейтіп, физикалық және психологиялық қысымнан қорғау кепілдіктерін енгізуді қарастырады.

"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Мұғалімдерді барлық қысымнан қорғаудың нақты механизмдері енгізіледі", - деп қосты Аймағанбетов.
05 қазан 2025 ж. 227 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031