Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қағазбастылықпен күрес: Енді мұғалімдер бес құжат қана толтырады

Қағазбастылықпен күрес: Енді мұғалімдер бес құжат қана толтырады

Еліміздің Білімі және ғылым министрлігі қағазбастылықтан арылу үшін мұғалімдер енді тек бес құжат толтыратынын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Білім министрінің бұйрығымен бекітілген тізімге сынып журналы, оқушылардың күнделігі, күнделікті сабақ жоспары, критериялық бағалау материалдары енген.
"Көптен бері көтеріліп жүрген мәселе – ұстаздардың мәртебесін көтеру. Мұғалімдерді қағазбастылықтан айыру бойынша министрлік біраз іс тындырды. Биыл министрдің арнайы бұйрығы қабылданып, оған сәйкес мұғалімдер қандай құжат жүргізуі керек деген тізімді біз анықтап бердік.
Өйткені әр өңірде мектеп мұғалімдері әртүрлі қағаз толтырады. Министрлік тарапынан арнайы бұйрық қабылдап, бәріне ортақ тізім бекіттік. Енді ұстаздар тек бес құжатты ғана толтыруы керек: сынып журналы, оқушылардың күнделігі, күнделікті сабақ жоспары, критериялық бағалау материалдары", — деді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағанбетов.
Сонымен қатар электронды журнал төңірегіндегі мәселе де шешімін тапқандай.
"Өздеріңіз білесіздер, электронды журналды енгізгелі бері "мектептерде екі журнал (қағаз журнал) қатар қолданылады, екі жұмыс болды" деген шағымдар көбейді. Осыған байланысты біз тиісті шешім қабылдадық.
Министрліктің №502 бұйрығына тиісті өзгеріс енгізілді. Енді егер мектеп электронды журнал жүргізетін болса, онда қағаз түріндегісіне тыйым салынады. Ал кең жолақты интернеті жоқ елді мекендерде, әрине, тек қағаз журнал жүргізіледі. Интернет пайда болғанда, электронды журнал жүргізуге жағдай жасалатын болады", — деді ол.
21 маусым 2018 ж. 452 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031