Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда өлім жазасы қайта енгізілмек

Қырғызстанда өлім жазасы қайта енгізілмек

Фото: Midjourney
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өлім жазасын енгізуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұл ретте мемлекет басшысы Президент әкімшілігінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Мұрат Укушевке заңнамаға балалар мен әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар үшін жауапкершілікті арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуді пысықтауды тапсырды", – деп жазды Асхат Алагөзов Facebook-парақшасында.
Атап айтқанда, әңгіме балаларды зорлау, сондай-ақ әйелдерді зорлап, өлтіргені үшін өлім жазасын енгізу туралы болып отыр.
Жапаровтың баспасөз хатшысы президент кәмелетке толмаған Айсұлудың (Айсулуу) ерекше қатыгездікпен өлтірілгені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын және іс оның жеке бақылауында екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қырғызстанда соңғы рет өлім жазасы 1998 жылы орындалған. Сол уақыттан бері елде өлім жазасына мораторий қолданылады. 2007 жылы өлім жазасы ресми түрде жойылды, ал 2010 жылы Қырғызстан өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативтік хаттамасын ратификациялады.

Ыстықкөлде 17 жастағы қыз айуандықпен өлтірілген
27 қыркүйекте Ыстықкөлде 17 жастағы Айсұлу (Айсулуу) жоғалып кеткен. Ол көрші ауылдағы құрбысына қонаққа барып, кейін байланысқа шықпай қалған. 29 қыркүйекте оның денесі Боом шатқалынан табылды. Күдікті ретінде 41 жастағы Бішкек тұрғыны ұсталды.
Тергеу кезінде ер адам қызды ұрлағанын, зорлағанын және өлтіргенін мойындады. Айсұлудың денесін өзеннің маңына көмген. Алайда, біраз уақыттан кейін ол қайтып барып, мәйітті қазып алып, Боом шатқалына тастаған.
Марқұмның туыстарының айтуынша, ұсталған адамға бұған дейін жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған, бірақ жазадан құтылып кеткен.
01 қазан 2025 ж. 164 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 34

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031