Цифрлы Қазақстан: әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту

- Жаңашылдықтың барлығы әлеуметтік көмекті біріздендіру арқылы көмекті шын мұқтаждарға жеткізу және бюджет қаржысын үнемдеу арқылы, Жолдауда аталғандай елді дамытуға, яғни мектеп, аурухана, көлік инфрақұрылымдарын және басқа да нысандар салуға жұмсалуына мүмкіндік береді. Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша облыс әкімімен бекітілген өңірлік жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы топтың құрамына салалық органдар мен экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, халықты әлеуметтік қорғау басқармалары, министрліктің аумақтық еңбек және халықты әлеуметтк қорғау департаменттері, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды үйлестірушісі ретінде облыс әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары кірді. Жүйеге кейіннен қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 404 енгізілетін ұйымдардың тізім қалыптастырылып, цифрлық платформаға қосылу процесіне жауапты пайдаланушылардың жеке деректері жинақталып Еңбек министрлігіне жолданды. Еңбек инспекторларымен арнайы қала аудан бөлінісінде іс сапар ұйымдастырылып, білім саласының мамандарына «Еңбек ресурстары порталына» ұйымның штат бірлігін енгізу бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді,- деді Жанар Жұмабекқызы.