Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазандық қондырғыларының қауіпсіз жұмысы - үздіксіз жылу жүйесінің кепілі

Қазандық қондырғыларының қауіпсіз жұмысы - үздіксіз жылу жүйесінің кепілі

Жылу энергетикасы – өнеркәсіптің барлық саласы мен халық тұрмысының маңызды бөлігі. Оның негізін құрайтын қазандық қондырғыларының тұрақты әрі қауіпсіз жұмысы бүкіл жылу жүйесінің үздіксіз қызмет етуінің басты шарты болып саналады. Қазандықтарды дұрыс пайдалану апаттардың алдын алып, жазатайым оқиғалардың болмауына тікелей әсер етеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қазандық, газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстар және нан өнімдері объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Ақылбай Әкімниязов айтты.
– Қазандық қондырғыларын пайдалану – күрделі әрі жауапты процесс. Ол жұмыс ортасының жоғары қысымы мен температурасын, жарылыс және өрт қаупі бар қоспалардың түзілуі секілді бірқатар қауіпті факторларды қамтиды. Қазіргі уақытта жылу энергетикасында газ, сұйық және қатты түрдегі отындар қолданылады. Экологиялық және экономикалық тұрғыдан ең тиімдісі – табиғи газ. Қондырғының оңтайлы әрі қауіпсіз жұмысын қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қысым, температура, ағын, су деңгейі, діріл және газ құрамындағы оттегі мен көміртегі оксиді сияқты параметрлер тұрақты бақылауда болуы қажет. Сонымен қатар, қазандық иесі мен ұйым басшысы жабдықтарының жарамды әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге міндетті. Қазандық орналасқан орындарға адамдардың рұқсатсыз кіруіне тыйым салынады. Ал, қауіп туындаған кезде қазандық дереу тоқтатылуы керек. Авариялық тоқтату себептері арнайы журналға тіркеліп, технологиялық регламентте көрсетілген тәртіппен орындалады,- деді Ақылбай Дайрабайұлы.
01 қазан 2025 ж. 184 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 35

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031