Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Татулық пен тірлік тоғысқан жиын

Татулық пен тірлік тоғысқан жиын

Қазақ халқы қашан да бірлікті ту етіп, еңбекті елдің берекесі деп білген. Әсіресе, түрлі этнос өкілдері арасындағы сыйластық пен татулық – Қазақстан қоғамының ең басты құндылығы. Бүгінгі таңда еліміздегі әрбір азамат өзінің табанды еңбегімен мемлекет дамуына үлес қосып келеді. Соның айғағы ретінде Қазалы ауданында да сан ұлт өкілдері тізе қосып, ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүр.
Осыған орай Руханият орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және "Жұмысшы мамандықтар" жылына арналған мерекелік жиын өтті. Басқосуда еңбек адамдарын ұлықтау, олардың қоғамдағы маңызын насихаттау, сондай-ақ этнос өкілдерінің ел дамуына қосып отырған еңбегін бағалау басты мақсат ретінде айқындалды.
Кездесуге ауданымызда өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдері, қоғам белсенділері мен еңбек ардагерлері қатысты. Шараны Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жәнібек Алмасұлы жүргізіп, қатысушыларға ізгі тілегін арнады. Ол өз сөзінде еңбек адамдарының еңбегін жоғары бағалап, олардың қай салада жүрсе де елге пайдасын тигізіп келе жатқанын ерекше атап өтті.
– Біз қарапайым еңбек адамына әрдайым құрмет көрсетуіміз керек. Әр саланың өз қиындығы мен қызығы бар. Өз ісінің шебері болу – мамандыққа деген жауапкершіліктен бастау алады. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязына қарамай, қолайсыз жағдайда еңбек етіп жүрген жұмысшы жандардың еңбегі – ерен. Соның ішінде этнос өкілдерінің де ел дамуына қосып жүрген үлесі зор. Олардың еңбексүйгіштігі біз үшін үлкен мақтаныш, – деді ол.
Жиын барысында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып жүрген еңбекқор этнос өкілдері аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың Алғыс хатымен және сыйлықтармен марапатталды.
Кездесуде сөз алған «Бірлік-Единство» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нафиса Тайрқызы этностар арасындағы достық пен татулықтың маңыздылығына тоқталып, алдағы жоспарланған іс-шаралар жайын баяндады. Сондай-ақ қолдау білдіріп отырған Қазалы ауданы әкімдігіне ризашылығын жеткізді.
Ал марапат иесі Людмила Герасимовна қазақ халқының қамқорлығы мен мейіріміне алғысын білдіріп, Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойымен барша қатысушыларды құттықтады.
Шара сәтті аяқталып, қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Осындай кездесулер бірлікті нығайтып, ынтымақты арттыра түсетініне сенім мол.
А. ЖҮСІПОВА
30 қыркүйек 2025 ж. 32 0

Тірек ауылдарға тың серпін

30 қыркүйек 2025 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930