Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

Бүгін Қазалыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты аудандағы этнос өкілдерімен кездесу өтті.
Ынтымақ пен бірліктің ордасына айналған Руханият орталығында өткен шараны аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиев сөз сөйлеп ашып, шараға қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесімен құттықтады.
Дөңгелек үстел форматында өткен кездесуде туған жеріміздің өсіп-өркендеуі жолында түрлі салада жемісті еңбек етіп этнос өкілдері рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру, ел бірлігі жолындағы Мемлекет басшысының тапсырмасынан туындайтын негізгі міндеттер, ел ішіндегі тұратықтылық пен татулықтың сақталуы сынды мәселелер жайында сөз қозғап, пікір алмасты.
Кездесу барысында «Бірлік –Единства» этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Нафиса Тайырқызы, медицина саласының ардагері, кәріс ұлтының өкілі Ли Людмила мен №216 орта мектептің ағылшын пәнінің мұғалімі, өзбек ұлтының өкілі Мавлюда Мұртазақызы сөз сөйлеп, бүгінгі кездесудің маңызы жайында сөз қозғады. Сондай-ақ этнос өкілдері, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен үзінділер айтып, керемет ән шырқады.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған басқосу соңында этнос өкілдері Қазақстан Халқы Ассамблеясының негізгі ұстанымдары – бейбітшілік, келісім және бірлік – еліміздің дамуының берік негізі екенін айтып, елдегі бірлікті одан әрі нығайтуға үлес қоса беретіндіктерін жеткізді.
29 мамыр 2025 ж. 174 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930