Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қашан: қамқорлық па, қыспақ па?

Қашан: қамқорлық па, қыспақ па?

Мөлдір – 30 жаста. Қаладағы мекемелердің бірінде мамандығын сүйіп, абыройлы жұмыс істеп жүр. Әріптестері сыйлайды, достары көп. Бірақ оның тұрмысқа шықпағаны көпшіліктің әңгімесіне арқау. Әр мереке сайын туыстары тарапынан: «Қашан тұрмысқа шығасың?» деген сұрақ қайталана береді. Алғашында Мөлдір күліп қана «әлі табылмады» деп қысқа қайыратын. Бірақ уақыт өте келе бұл сауалға жауап бергісі келмейтін болды. Себебі жүрегінде өткен күннің жарасы бар еді: сенген адамы үмітін ақтамады. Қазір ол қайта сенуді үйреніп жүр. Ал сырттан айтылған әрбір сұрақ – жазылмаған жараны қайта қасып өткендей.
Әлеуметтанушылардың айтуынша, қазақ қоғамында адамның өміріне қатысты сұрақтар қою қалыпты жағдайға айналып кеткен. «Қашан тұрмыс құрамыз?», «Әлі бала жоқ па?», «Семіріп кетіпсің» деген сөздер көпшілікке таныс. Бір қарағанда жай әңгіме секілді көрінгенімен, оның астарында адамның жан дүниесіне ауыр салмақ түсіретін тұстар бар.
Психологтар мұндай сөздердің адамға әсерін үш деңгейге бөледі. Біріншісі эмоциялық деңгей. Бұл деңгей көңілдің құлазуына, ренішке әкеледі. ал екіншісі психологиялық қысымға әкеледі. Бұл адамды өзін өзгелермен салыстырып, «мен кеммін бе?» деген ойға итермелейді. Үшіншісі әлеуметтің тарапынан болатын қысым. Мұнда адам өзін қоғам алдындағы «міндетін» орындамағандай сезінеді.
Шыны керек, көпшілігіміз бұл сқұрақты «Біз тек тілекшіміз ғой» деп ақтап алады. Бірақ психолог Әлия Әбдікерімованың пікірінше, шынайы тілек іштей айтылғанда да жетеді:
«Адамға ізгілік тілеп, жақсы сөз айту – құптарлық. Бірақ ол міндетті түрде «қашан?» деген талаппен бірге айтылмауы тиіс. Бұл – тілек емес, қысымның бір түрі» дейді ол.
Ал әлеуметтанушышылар бұл сұрақтың қойылу себебін былайша бағамдапты.
«Қазақ қоғамында туыстық байланыс берік. Сол себепті бірінің өміріне араласу – жақсылық тілеген ниеттен туындайды. Бірақ қазір заман өзгерді, адамның жеке кеңістігін құрметтеу мәдениеті қалыптасуы тиіс. Бұл – қоғам дамуының көрсеткіші», – дейді олар.
Қыз баласының тұрмыс құрмауына түрлі себеп бар. Алайда біз соның себебін білместен тосыннан сұрақ жаудырып, оны түрлі ойда қалдырамыз. Бәлкім оның отбасын құруға асықпауының біз білмейтін байыпты себебі бар болар.
Мамандардың айтуынша, әңгіме өрбіткенде жеке өмірге емес, жетістікке мән беру мәдениеті қалыптасуы тиіс.
– «Қашан тұрмыс құрасың?» дегеннің орнына «Жұмысың жемісті болсын!» деу әлдеқайда жылы естіледі. Өмірдің әсемдігі сыйластықта жатыр. Әркім өзгенің жан дүниесін жараламай, қолдау білдіріп үйренсе, қоғамымыз да мейірімге тола түсер еді. Біз «қалтқысыз тілектің» кейпінде қойылатын орынсыз сауалдардың астарында кейде бейжайлық, кейде әдепсіздік жатқанын мойындауымыз керек, – дейді мамандар.
Психологтардың айтуынша, жеке шекараны бұзатын мұндай сұрақтар адамның өзін-өзі бағалауына кері әсерін барын айтады.
«Жеке өмірге қатысты сұрақтар — адамға ой салумен қатар, қысым мен ұят сезімін де тудыруы мүмкін. Ондай сұрақтар 'мен жеткіліксізбін' деген ойға итермелейді» дейді психологтар.
Адамның жеке өміріне қатысты қойылатын «Қашан?» деген сұрақтар жай ғана әңгіме бастау тәсілі емес, оның ішкі дүниесіне еніп, шекарасын бұзудың көрінісі. Мұндай сұрақтардың артында кейде мүлде беймәлім себептер, жаралы тәжірибелер, тіпті денсаулыққа қатысты күрделі мәселелер жатуы мүмкін. Сондықтан әркімнің өмірлік таңдауы мен жағдайына құрметпен қарап, қажетсіз қысым тудыратын сөздерден тартыну – үлкен мәдениет пен сананың белгісі. Шын тілекші адам үндемей-ақ, іштей қолдайтынын ұмытпаған жөн. Ендеше, сөзіміз де, сұрағымыз да адамға демеу болсын.
Бекзат АСАН
30 қыркүйек 2025 ж. 61 0

Тірек ауылдарға тың серпін

30 қыркүйек 2025 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930