Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2-4 градус суық болады, үсік жүреді: 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

2-4 градус суық болады, үсік жүреді: 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды.
2-4 градус суық болады, үсік жүреді: 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
Қазгидромет 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады), күндіз нөсер жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда 30 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 30 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 30 қыркүйекте түнде найзағай ойнайды.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын болады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). 30 қыркүйекте түнде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді. Павлодарда 30 қыркүйекте түнде сынап бағаны 2-4 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.
Астана қаласында 30 қыркүйекте тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында аздап жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 30 қыркүйекте түнде топырақ беті қатып, 3 градус суық болады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда 30 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі, түнде топырақ беті қатып, 3 градус суық болады. 
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 30 қыркүйекте түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.  
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанайда 30 қыркүйекте түнде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман болады.
Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда 30 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 30 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 18 м/с. Қонаевта 30 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
29 қыркүйек 2025 ж. 30 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930