Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазгидромет 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да жоғары өрт қаупі бар.

Күндіз Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-18 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың шығысында үсік жүреді, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде аракідік жаңбыр жауады, Алматы қаласының және облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 18-23 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында кей уақыттарда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Қонаев қаласында түнде және таңеретең найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ түседі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, үсік жүреді, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыдабұршақ түседі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.Шымкентте төтенше өрт қаупі бар. Түркістанда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Оралда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, областың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
17 тамыз 2024 ж. 31 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031