Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 101 жастағы кейуана таңдауын жасады

101 жастағы кейуана таңдауын жасады


Қазалы ауданындағы барлық сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі жоғары. Тіпті, үйде ауырып жатқан немесе өздігінен жүріп-тұра алмайтын дауыс берушілердің таңдау жасауына да барлық жағдай жасалған.

Осы ретте, Әйтеке би кентіндегі М.Матаев атындағы №170 мектеп ғимаратында орналасқан №362 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері Әйтеке би кентінде тұратын 101 жастағы София Сағымбайдың үйіне барып, дауыс беруіне мүмкіндік жасады.

- Бүгін ауданымызда өтіп жатқан саяси науқанға өз үлесімді қоссам деген ниетпен таңдауымды жасадым. Ел тағдырына алаңдайтын барлық тұрғын бүгінгі шарадан қалыс қалмауы тиіс деп ойлаймын. Халқымыз аман болсын! Жұмыстарыңыздың барлығы оңынан болсын! – деді кейуана.

Бес ұл-қыз тәрбиелеп өсірген Батыр ана бүгінде 15 немере, 15шөбере, 5 шөпшек сүйіп отырған бақытты әже. Ойы анық, денсаулығы бірқалыпты әже саналы ғұмырындағы барлық саяси науқандарға белсенді қатысып келеді.
28 қыркүйек 2025 ж. 219 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031