Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы тұлға мұрасы ұлықталды

Ұлы тұлға мұрасы ұлықталды

Биыл қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай Қ.Күлетов атындағы №92 мектептің ұйымдастыру педагогы мен кітапханашысы бірлесе отырып, «Абай әлемі» атты көрме өткізді.
Көрме екі бөлімнен тұрды. Алғашқысы «Абайдың нақыл сөздері – жүрекке өсиет, санаға тағылым» деп аталып, онда ақынның қара сөздерінен үзінділер, терең философиялық ойлары мен адамгершілікке үндейтін нақылдары топтастырылды. Әрбір өсиет сөзі оқушылардың жүрегіне жетіп, олардың рухани дүниесін байыта түсуге бағытталды.
Ал екінші бөлім – «Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» деп аталды. Бұл тұста хакім Абайдың өлеңдері, поэмалары, қара сөздері, сондай-ақ ақын жайлы жазылған еңбектер мен фотосуреттер көрермен назарына ұсынылды. Кітапханашы көрмеге қойылған еңбектерге библиографиялық шолу жасап, оқушыларға маңызды мағлұмат берді.
Көрмеге қатысқан ұстаздар мен оқушылар Абай мұрасын қайта зерделеп, оның ұрпаққа қалдырған өсиетін бойына сіңірді. Ұлы ойшылдың шығармашылығы жастарға бағыт-бағдар беріп, ұлттық құндылықтарға жетелей түсті.
Алмира МАХМУТҚЫЗЫ,
Қ.Күлетов атындағы
№92 мектеп кітапханашысы
27 қыркүйек 2025 ж. 146 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930