Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауалды дайындық сараланды

Сайлауалды дайындық сараланды

Қазалы ауданында саяси науқанға дайындық қызу жүріп жатыр. 28 қыркүйек, яғни жексенбі күні өтетін әкім сайлауы қарсаңында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров арнайы сапармен келіп, дайындық барысын жіті тексерді.
Әуелі ауданның рухани орталығында өткен басқосу ерекше серпін берді. Жүздесуге 100-ден астам жас, атап айтсақ, мектеп оқушылары, Жас сайлаушылар клубының мүшелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Нұрлан Мәжитұлы отандық сайлау жүйесінің ерекшеліктері, 2022 жылғы бүкілхалықтық референдумнан кейінгі өзгерістер, Парламентті реформалау жөніндегі бастама, референдум арқылы маңызды шешімдер қабылдау тәжірибесі төңірегінде әңгіме өрбітті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауындағы негізгі міндеттерге тоқталып, жастарды саяси өмірге белсенді араласуға шақырды.
Жастар да өз кезегінде ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, №249 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Аяжан Мөңкебай жасанды интеллект арқылы сайлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған комикстерін таныстырды. Ал Жас сайлаушылар клубының мүшесі Мейірман Мендібай клубтың республикалық слетін өткізуді ұсынды. Жас маман Қайыржан Тілеуқабыл дауыс беруді бірнеше күнге созу жөнінде пікір білдірсе, Дамир Құдайберген еріктілер қозғалысын кеңінен дамыту қажеттігін айтты.
Кездесуде дәстүрлі онлайн-сауалнама жүргізіліп, жастардың көзқарасы анықталды.85,5%-ы қатысушы президенттікке кандидаттар үшін мемлекеттік қызметте тәжірибесі болғанын құптайды, 43,4%-ы дәстүрлі қағаз бюллетеньмен дауыс бергенді жөн көреді, 30%-ға жуық респондент сотталған азаматтардың сайлау құқығын шектеуді қолдаса,66,3%-ы сайлау туралы ақпаратты әлеуметтік желіден алатынын көрсетті.Бұл көрсеткіштер жастардың саяси ой-санасының айтарлықтай қалыптасып келе жатқанын айғақтады.
Одан соң орталық сайлау комиссиясының төрағасы №60 учаскелік сайлау комиссиясының жұмысымен танысты. Мұнда 2748 сайлаушы тіркелген. Материалдық-техникалық база толықтай қаралған. Нұрлан Мәжитұлы комиссия мүшелеріне сайлаушылар тізімін мұқият жүргізу, заң талаптарын сақтап, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.
№60 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Батырбек Тәңірбергенов сайлау барысын ұйымдастыру алгоритмдері, байқаушылар мен кандидаттардың құқықтарын қорғау бағытындағы шаралар жөнінде баяндама жасады.

Сапар соңында аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен де кеңес өтті. Онда сайлау учаскелерін толықтай дайындау, тұрғындарды ақпараттандыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз дауыс беру мүмкіндігін жасау және құпиялықты сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Айта кету керек, Қазалы ауданында әкім сайлауы ертең, яғни 28 қыркүйекте өтеді. 40 сайлау учаскесінде 266 комиссия мүшесі қызмет атқарып, халық өз таңдауын жасайды. Жүргізілген дайындық, айтылған ұсыныстар мен тапсырмалар саяси науқанның әділ әрі ашық өтуіне негіз қалары анық.

Арайлым ЖҮСІПОВА
27 қыркүйек 2025 ж. 104 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930