Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәмелетке толмағандар ісі: бақылау мен нәтиже

Кәмелетке толмағандар ісі: бақылау мен нәтиже

Қазір қоғамда орын алып жатқан келеңсіз дүниелер көп. Бірі өз жанына қиянат жасап, өз-өзіне қол салса, енді бірі ерте жүктіліктен ауыртпалық жүгін арқалауда. Ал ендігісі әлеуметтік желінің әлегінен азар көріп жүр. Мұндай жаратылысымызға жат әдеттерден арылудың жолы қандай болмақ? Әсіресе бұл жағдай кәмелетке толмағандардың арасында орын алса ше?
Қазір жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Тиімді тетіктер жасау арқылы кәмелетке толмағандар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алуда мемлекеттік бақылауды күшейту қажеттігін атап өткен болатын. Бұл мәселе ешкімді бей-жай қалдырмайтыны рас. Биліктегілердің де назарынан түспей, күн тәртібіндегі мәселелердің бірі ретінде қолдан келгенше шара қабылдауда. Мәселен, жақында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде – қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отырған кәмелетке толмағандардың ерте жүктілігінің алдын алу мәселесі қаралды.
Мамандардың айтуынша, оқушыларға өз алдына өмірлік мақсаттар қоя білуді үйретуде, өзіне қол жұмсаудың алдын алуда ата-аналар мен мұғалімдердің рөлі жоғары. Әсіресе мұндай қадамға бару қоғамнан алған «соққыдан» пайда болатыны жиі кездеседі. Оның ішінде әлімжеттік, кемсіту, кибербуллинг, ата-анасынан жылулық іздеу секілді дүниелерді де айта кеткеніміз жөн болар.
Қазақ «Қызды – қырық үйден тию», «Қыздың өзі үйде болғанымен, қылығы түзде» деп оның болашағына бей-жай қарамаған. Мәселе сонда болып тұр. Қазір он екіден бір гүлі ашылмаған шақта ерте етегін бүру тәрбиенің әлсіздігі ме деп қаласың. Қош. Ерте жүктілік қыз бала ағзасына қауіпті ме? Жүктілік кезінде ағазаның жүрек қан тамыры, эндокриндік жүйесі мен ішкі органға жүк түсетіні рас па? Жас аналардың денсаулығы қалай қадағаланады? Ерте жүктілік неден пайда болады? Қойыла берер сауал көп. Ал оның туындамауы үшін неге алдын алмаймыз?
Маманның пайымынша, ерте жүк­тілік – бұл жыныстық тәрбие туралы білімнің жетімсіздігі. Бірқатар отбасында аталған тақырып төңірегінде әңгіме-сөздің қозғалмауында. Қыз бен анасының арасындағы жылы қарым-қатынас пен етене байланыстың жоқтығынан да орын алуы мүмкін. Мәселен, көптеген жанұяда бұл тақырып жабулы қазан күйінде қала беретіні тағы бар. Енді ғана қауызын ашқан нәзік гүлді сабағынан сындырып алмаса екен дейсің, еріксіз.
Сондай-ақ бұған дейінгі комиссияларда қаралған тұрмыстық зорлық-зомбылық, жыныстық қол сұғушылық қылмыстарының құрбаны болуы деректері мен оған байланысты көрсетілген көмектер жөнінде мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық көпбейінді орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сейілхан Артықбаев пен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Мархабат Бегалиева баяндама жасады. Комиссия төрағасы Дәурен Оңғарбайұлы жиында қаралған мәселенің бүгінгі таңдағы өзектілігі өте жоғары екенін айтып, бұл мәселенің алдын алу бойынша бірқатар шараларды қолға алу керегін жеткізді. Соған сәйкес аудандық білім бөлімінің басшысына білім ошақтарында тиісті сала мамандарымен бірлесе отырып және ата-аналардың қатысуымен қыз бала тәрбиесі, ерте жүктілік, суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу, қыз баланың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау, оларды келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру мақсатында семинар-тренингтер, кездесулер өткізу жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар комиссия төрағасы күн тәртібіндегі мәселе бойынша бұған дейінгі комиссия отырыстарында қаралған балалардың жағдайы туралы да сөз қозғап, комиссияда қаралған әрбір жасөспірімнің жағдайы үнемі назарда болу керегін жеткізді.
Бала құқығы – барлық заңсыз әрекеттерден, күштерден, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтан, үлкендер, ата-анасы немесе оның орнындағы заңды жауапты тұлғалар тарапынан көрсетілген жағымсыз күштерден және бала өміріне келтірілген зауалдардан қорғауды қамтамасыз етеді. Сол үшін бала өмірін, құқығын қорғау шараларын әлі де болса жетілдіру, балалар мен олардың отбасына арнайы психологиялық кеңес беру, көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралардың ұйымдастырылу тиімділігін арттыру қажет.
Қазір жастар күйзелуге бейім. Күйзелу дәрежесі жиі суицидтік қауіп-қатердің маңызды көрсеткіші. Сондықтан жасөспірімнің жан дүниесіне құрметпен қарап, оның сезіміне тереңірек мән беріп, қолдау көрсеткен жөн болар. Кәмелетке толмағандардың өміріне, балалық шағының әрбір кезеңіне, оның тұлғалық қалыптасуына, әлеуметтенуіне, өмірден өз орын табуына әркез ересектер жауапты екенін естен шығармағанымыз дұрыс.
Айнұр ӘЛИ
23 қыркүйек 2025 ж. 55 0

Көкем қайта келе ме?

23 қыркүйек 2025 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930