Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арман – Қазақстан чемпионы

Арман – Қазақстан чемпионы

15-23 қыркүйек аралығында Жезқазған қаласында ауыр атлетикадан 2009-2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өтіп жатыр.
Чемпионаттың алғашқы күндерінен-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар арасында жоғары дайындық пен бәсекелестік байқалды. Осы сайыста Қазалы ауданынан қатысқан жас спортшы, ауыр атлетика бөлімшесінің өкілі Тәңірбергенов Арман ерекше көзге түсті. Ол 71 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс нәтижесі бойынша 246 келі салмақты еңсеріп, Қазақстан чемпионы атанды. Арман жұлқи көтеруде – 106 келі, серпе көтеруде – 140 келі нәтижесін көрсетті.
Жас спортшының жаттықтырушысы – Азиз Жақсылық. Екеуінің табанды еңбегі мен жүйелі дайындықтарының нәтижесі осындай жоғары марапатқа жеткізді. АрманТәңірбергеновті және оның бапкерін жеңістерімен құттықтай отырып, болашақта алар белестері биік болсын деген тілек білдіреміз. Алдағы додаларда да сәттілік серік болғай.
Бекзат АСАН
23 қыркүйек 2025 ж. 26 0

Көкем қайта келе ме?

23 қыркүйек 2025 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930