Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының көшбасшысы атанды

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының көшбасшысы атанды

Фото: Туризм жəне спорт министрлігінен
Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан үшін бұл чемпионат соңғы 12 жылда алғаш рет өткізіліп отырған беделді құрлықтық турнир, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Чемпионат Азияның 25 елінен келген 14 пен 20 жас аралығындағы 300-ден астам мықты спортшының басын қосты.
Біріншіліктегі ең үлкен құрам Қазақстанға тиесілі: ел намысын 29 спортшы қорғады.
Азиялық ауыр атлетика федерациясының президенті Мохаммед Юсеф Аль-Мана турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті:
«Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының Қазақстанда өтіп жатқанына қуаныштымыз. Бұл тек Қазақстанның мойындалуы емес, сонымен қатар Азияның Олимпиада ойындарындағы ауыр атлетика бойынша ең мықты құрлықтардың бірі ретіндегі ықпалын дәлелдейді», - деді.
Чемпионат қорытындысына сәйкес Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша абсолютті көшбасшы атанды.
* 17 жасқа дейінгі жас көрсеткіші бойынша қазақстандықтар 12 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды.
* 20 жасқа дейінгі жас көрсеткіші бойынша 9 алтын, 8 күміс, 10 қола медальға қол жеткізді. Сонымен қатар бірнеше Азия және әлем рекорды жаңартылды.
Чемпионаттың жарқын жұлдыздары:
- Әлихан Әскербай (71 кг, 20 жасқа дейін): 3 алтын, 6 рекорд (3 әлемдік, 3 азиялық). Жұлқи көтеруде – 141 кг, серпе көтеруде – 169 кг, қоссайыс бойынша – 310 кг (жаңа әлем және Азия рекорды) бағындырды.
- Едіге Емберді (79 кг, 20 жасқа дейін): жұлқи көтеруде – 153 кг (алтын), серпе көтеруде – 194 кг (Азия рекорды), қоссайыс бойынша – 347 кг (Азия рекорды) еңсерді.
- Нұржан Жұмабай (79 кг, 17 жасқа дейін): 15 жастағы атлет 3 алтын жеңіп алды. Жұлқи көтеруде – 140 кг, серпе көтеруде – 175 кг (Азия рекорды), қоссайыс нәтижесі бойынша 315 кг көтерді.
- Денис Полубояринов (94 кг, 20 жасқа дейін): қоссайыс – 376 кг (абсолютті чемпион), серпе көтеруде – 213 кг (Азия рекорды) бағындырды.
- Ксения Прозорова (58 кг, 17 жасқа дейін): Қытай және Өзбекстан спортшыларын артта қалдырып, 3 алтын иеленді және ең жас чемпион атанды.
- Кира Данилова (69 кг, 17 жасқа дейін): жұлқи көтеруде – 87 кг, серпе көтеруде – 111 кг, қоссайыс – 198 кг көтеріп, 3 алтын медальға ие болды.
- Ерасыл Сәулебеков (88 кг, 20 жасқа дейін): жұлқи көтеруде – 153 кг, серпе көтеруде – 191 кг, қоссайыс нәтижесі бойынша 344 кг көтеріп, 3 алтын медаль иегері атанды.
11 шілде 2025 ж. 159 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 131

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031