Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына өтті

Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына өтті







Фото: uww.org

Грек-рим күрес шебері Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін белдеседі, деп хабарлайды Sportinside.kz.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айдос Сұлтанғали жартылай финалда грузиялық Амиран Шавадземен белдесті. Кездесу барысында Айдос Сұлтанғали 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді, алайда айқастың соңына таман екі сәтті әдіс қолданып, жеңісті өз пайдасына жазды – 8:2.

Финалдық кездесу бүгін өтпек. Ол бүгін Өзбекстан балуаны Алишер Ғаниевпен белдеседі.

Еске сала кетейік, Айдос Сұлтанғали 1/4 финалда КХДР өкілі Ри Си Ёнды 1:1 есебімен (басымдық ережесі бойынша) жеңіп шықты, ал турнирді америкалық Максвелл Блэкті 7:1 есебімен ұтып бастаған еді.


20 қыркүйек 2025 ж. 128 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 126

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 119

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 108

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 108

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 174

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930