Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2024 жылы қоғамдық қауіпсіздік туралы жаңа тұжырымдама іске қосылады

2024 жылы қоғамдық қауіпсіздік туралы жаңа тұжырымдама іске қосылады

Елімізде алдағы 5 жылға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамту туралы жаңа тұжырымдама іске қосылады. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы әзірленді. Ол қазір келісім үстінде. Аталған құжат Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен 5 жылға (2024-2028 жылдар) бекітіледі. Тұжырымдаманың барлық мемлекеттік органдардың, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың кең ауқымды мәселелерінің қамтылуымен мәртебесі жоғары», - деді Игорь Лепеха Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырған жиында.
Вице-министрдің айтуынша, тұжырымдаманы әзірлеуде азаматтық қоғам пікірі тыңдалды.
«Арнайы әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылып, оған 10 мыңнан астам азамат қатысты. Барлық ұсынысты ескере отырып, тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді. Айта кететін жайт, тұжырымдаманың бірінші бөлімі «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жәбірленушілерді кешенді қорғау және оларға көмек көрсету жүйесін құру» тақырыбына арналған», - дейді министрдің орынбасары.
26 қыркүйек 2023 ж. 346 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031