Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАЗА БЕЙСЕНБІ: ПАРТИЯЛАСТАР ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

ТАЗА БЕЙСЕНБІ: ПАРТИЯЛАСТАР ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясымен әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экоакциясы бүгін Қазалы ауданында жалғасты.

Партия филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен ұйымдастырылған тазалық шарасында Әйтеке би кентіндегі автодром маңы мен «Әйтеке би - Басықара» аудандық маңыздағы автомобиль жолының жиегін қамтылды. 30-ға жуық белсенді аманаттықтар аталған аумақтардағы қоқыстарды теріп, нәтижесінде 1 тоннаға жуық қоқысты арнайы орынға шығаруға атсалысты.

Игі шараға қатысушы, «Теміржолшы» бастауыш партия ұйымының белсенді мүшесі Өркен Наурызбаев тазалық акциясына тұрақты түрде қатысып жүргенін атап өтті.

«Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған партияның «Таза бейсенбі» акциясына тұрақты түрде қатысып келемін. Әр азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалыққа атсалысуы керек, сонда ғана біз таза әрі жайлы өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыра аламыз. Бұл тек бір күндік іс емес, күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс», — деді ол.

#AMANAT
22 мамыр 2025 ж. 276 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031