Енді Қазақстанда жердің бөлінуін депутаттар бақылайды

Енді елімізде мәжіліс депутаттары қайтарылған 13,5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлерінің бөлінуін қадағалайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, қазір 13,5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл жерлер бос қалмай, тұрақты айналымға енгізілуі керек дейді.
"Депутаттар үкіметпен бірлесіп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді электронды конкурс арқылы бөлу механизмі бойынша заңнамалық түзетулерді дайындауы керек. Бұл барлық процестерді оңтайландырып, олардың ашықтығын қамтамасыз етеді. Енді депутаттар да жер бөлу үдерісін бақылауға атсалысады", – деді Қошанов.
Мәжіліс спикерінің айтуынша, бұл қадам ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беріп, инвестиция тартуға мүмкіндік ашады. Сонымен қатар жайылым мәселесін шешу жалпы ауыл тұрғындарын қолдауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін президент кезекті Халыққа жолдауында жер қойнауының заманауи картасын жасау керек екенін және әкімдер қайтарылған барлық жердікелесі жылдың ортасына дейін айналымға енгізуі тиісекенін мәлімдеген еді.