Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Kcell және Activ абоненттері желідегі ақауға шағымданып жатыр

Қазақстанда Kcell және Activ абоненттері желідегі ақауға шағымданып жатыр

Фото:depositphotos.com
Kcell және Activ пайдаланушылары оператор жұмысындағы ақауға шағымданды. Қазақстандықтардың айтуынша, екі сағаттан аса уақыт бойы байланыс пен мобильді интернет істемей қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандықтар ақаулар туралы жазып жатыр:
"Интернет жұмыс істемейді, мүлде жоқ, байланыс жоғалды, бұл қалай? Оның үстіне тарифке қыруар ақша төлеймін..."
"Менікі де істемейді, бәрін істедім – қайта жүктедім, симканы да шығарып салдым, өшірдім, мүлдем байланыс жоқ!!! Ешқандай".
"Call-орталыққа да хабарласа алмайсың. Бұл не өзі, аз ақша төлемейміз ғой – ескерту де жоқ, ештеңе жоқ, Wi-Fi-сыз қалай жүресің? Төлем де жасай алмайсың".

Kcell және Activ не дейді?
Ұялы байланыс операторының баспасөз қызметі ақау туралы ақпаратты растады және себептері анықталып жатқанын хабарлады.
"Өкінішке қарай, қазіргі уақытта кейбір абоненттер мобильді интернетке қосыла алмауы мүмкін. Біздің техникалық мамандар мән-жайды анықтап жатыр және қалыптасқан жағдайды жедел шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз", – деді компания өкілдері.

04 қыркүйек 2025 ж. 48 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 160

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930