Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алыстағы ауылдарға байланыс желісі барды

Алыстағы ауылдарға байланыс желісі барды

Өткен сейсенбі Қазалы ауданына қарасты Лақалы және Сарбұлақ ауылының тұрғындары үшін қуанышты күн. Өйткені аудан орталығынан шалғай орналасқан ауыл тұрғындары енді «Activ» ұялы байланыс желісін пайдаланып, жақын-жуықтарына жедел хабарласа алады.
– Көңілге қонымды жүйелі жұмыстар жылдан жылға жалғасын тауып келеді. Бүгін алыс ағайынмен байланыс құратын мүмкіндік туып отыр. Егер ауданның барлық шалғай ауылдарына байланыс желісі барып тұрса, мұның өзі елдің даму жолындағы атқарған үлкен жұмысы болар еді. Сарбұлақ ауылының тұрғындары жағымды жаңалықтың келгенін естіп, қуанышымыз көкке жетіп отыр. Жауаптыларға алғыс білдіреміз, – деді бір топ ауыл тұрғындары.
Айта кетейік, аталған жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асты.
Негізінен Қазалы ауданы бойынша бағдарлама аясында 2020 жылдың соңына дейін 4 елді мекен Kcell және Beeline операторлары арқылы 3G/4G сымсыз технологияларымен және мобильді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.
Солардың ішінде ауданда алғаш болып Шәкен ауылдық округінің орталығына Beeline операторы арқылы байланыс орнатылған болатын.
Енді жыл соңына дейін Аранды ауылына «Activ» ұялы байланыс желісі орнатылады деп жоспарлануда.
Серік АҚМЫРЗА
31 желтоқсан 2020 ж. 2 731 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031