Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық салу базасын ұлғайту бойынша құрылған жұмысшы топтардың есебі тыңдалды

Салық салу базасын ұлғайту бойынша құрылған жұмысшы топтардың есебі тыңдалды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтановтың төрағалығымен өткен мәжілісте ауданда салық салу базасын ұлғайту бойынша арнайы құрылған жұмысшы топтардың есебі тыңдалып, 7 айда атқарылған жұмыстары талқыланды.
Мәжілісте Мұрат Байғабылұлы бюджеттің тиімділігін арттыру аясында салық базасын ұлғайту жұмыстары күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе екенін айтып, жыл аяғына дейін ауданға бекітілген барлық межелерді тиісті деңгейде орындау керектігін жеткізді.
Жиында алдымен аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында арнайы құрылған 4 жұмысшы топтың 7 айдың қорытындысымен атқарған жұмыстары бойынша топ жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды. Аудан әкімінің орынбасары бүгінгі күнге жұмысшы топтардың құрамымен жүргізілген жұмыстарының нәтижесі төмен екендігін айтып, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысына жұмысшы топтың жұмысын үйлестіріп, бақылауды күшейтуді тапсырды.
Мұнан соң күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абай Қайрбаев пен аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ғалымжан Зинаддинов баяндама жасады.
Баяндамашылардан кейін аудан әкімінің орынбасары бюджет түсімдерінің өсімі бірінші кезекте жеке бизнес қызметін заңдастыру, инвестиция тарту, нақты салықтық базаны анықтау арқылы қамтамасыз етілетінін айтты. Соған сәйкес қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ауданымыздағы барлық мекеме, кәсіпорын басшылары өз құзыреттері шегінде аудан бюджетінің кіріс бөлігін толықтыруға аса жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті.
Сондай-ақ «Туған жерге тағзым» акциясы аясында сыртта жүрген кәсіпкер жерлестерді жергілікті жерге тіркету бойынша жұмыстарды әлде де жандандыру қажеттігін және барлық кент, қала және ауылдық округ әкімдері мен аудандық полиция бөлімі мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесе отырып көлік салығы бойынша берешектерді өндіру жұмыстарын жеделдету жөнінде тапсырма берді.
28 тамыз 2025 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031