Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарақұм беткейдегі мекен

Қарақұм беткейдегі мекен


Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Қарақұм беткейдегі Шәкен және Шилі елді мекендеріне барып, шалғай ауылдардың халқымен кездесті. Сондай-ақ елді мекендерге жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарын да көрді. Халықпен кездесу барысында аудан басшысы алдымен ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайына тоқталды.
– Бүгінгі таңда ауданға қарасты Шәкен, Шилі, Сарбұлақ және Шитүбек елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары басталып кетті. Аталмыш елді мекендердің тұрғындары көп ұзамай сапалы ауыз суға қол жеткізіп, аудан халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтылмақ. Мұндағы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тікелей өзімнің қатаң бақылауымда болады, – деді аудан басшысы халықпен кездесуде.
Сондай-ақ кездесу барысында Шәкен және Шилі елді мекендерінің бірқатар аумақтарында пайда болып жатқан зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығын да айтып өтті. Зиянкестерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралардың өз деңгейінде жүргізілуіне арнайы техникалар жұмылдырылып, мониторинг жұмыстарына мамандар тартылғанын жеткізді.
Басқосуда ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзілхан Үмбетов ақсақал шалғай елді мекенге жеткізіліп жатқан ауыз су ауыл халқының көптен күткен қуанышы екенін айтып, ауыл халқының атынан шынайы ризашылығын жеткізді.
Мұнан кейін аудан басшысы Шәкен ауылдық округіне қарасты Шилі елді мекеніне де барып, ауылдағы №259 негізгі мектеп ғимаратында елді мекен тұрғындармен кездесті. Мұнда өткен кездесуде де аудан әкімі ел ішінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Аудан басшысы халықпен кездесулерден кейін елді мекендерге жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарының барысын көріп, мердігер мекеменің жауапты өкілі мен салаға қатысты жауапты орынбасарына құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң бақылауды тапсырды.
Айта кетейік, Шәкен ауылын ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстарымен «Дәнекер КС» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі, ал Шилі елді мекеніндегі жұмыстарымен «Намыс – Құрылыс» ЖШС мекемесі айналысуда. Екі елді мекендегі де құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айына дейін толық аяқталып, сапалы ауыз суды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда ауданға қарасты Шәкен, Шилі, Сарбұлақ және Шитүбек елді мекендерінде жүргізіліп жатқан ауыз сумен қамту жұмыстары толықтай аяталғаннан кейін аудан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылмақ.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
31 мамыр 2025 ж. 85 0

Шегіртке шепті бұза ма?

31 мамыр 2025 ж. 83

Сазгер кеші

31 мамыр 2025 ж. 90

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30