Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Берешек бойынша бақылау күшейді

Берешек бойынша бақылау күшейді

Қазалы ауданында салық төлеуден жалтарған азаматтарға қатысты түсіндірме және бақылау шаралары күшейтілді. Осы бағытта Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық полиция бөлімі және Әйтеке би кенті әкімдігі бірлесіп, көлік салығы бойынша берешегі бар жеке тұлғалардың үйлерін аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандардың айтуынша, салық міндеттемесін орындамау – әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Әсіресе көлік құралдарына салынатын салықты уақытылы төлемегендерге қатысты заң аясында мәжбүрлеп орындату шаралары қолға алынады. Бұл – тек айыппұлмен шектелмейді. Қажет болған жағдайда, азаматтың мүлкі тәркіленіп, банк есепшоттарына бұғат қойылып, көлік жүргізу куәлігіне уақытша тыйым салынуы да мүмкін.
Мамандардың айтуынша, бұл шаралар азаматтардың жауапкершілігін арттыру және бюджетке түсетін түсімді қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Әрбір тұрғын салық төлеудің – ел алдындағы міндет екенін ұмытпауы тиіс. Ескеретін жайт, уақытында төленбеген салық ертеңгі күні үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Сондықтан мемлекет алдындағы жауапкершілікті кейінге қалдырмайық.
Айта кетейік, 2024 жылғы көлік құралдарына салынатын салықты төлеудің соңғы мерзімі – 2025 жылдың 1 сәуірі.Бұл уақыттан кешіктіргендерге салық бұйрығы шығып, берешек сот орындаушыларына жолдануда.

Бекзат АСАН
23 тамыз 2025 ж. 29 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 30

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 20

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031