Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2030 жылға дейін 103 ұшақ сатып алу жоспарланған

Қазақстанда 2030 жылға дейін 103 ұшақ сатып алу жоспарланған

Фото: pixabay.com
2030 жылға дейін Қазақстанның әуе кемелері паркі тағы 103 ұшақпен толықтырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты жолдауын іске асыру аясында үкімет азаматтың авиацияны дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Үкімет мәліметінше, бүгінгі таңда еліміздегі әуе кемелері паркінде 104 ұшақ бар, оның ішінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізілген 6 жаңа Airbus A320 типті ұшағы мен 1 жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағы бар. 2030 жылға дейін техникалық парк тағы 103 ұшақпен толықтырылады.

"Биыл 36 жаңа халықаралық маршрут ашылып, нарыққа 8 шетелдік авиакомпания келді. Ел ішінде 61 бағыт бойынша аптасына 850 рейс жасалады", – деп атап өтті көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Сондай-ақ елімізде көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қолдау үшін Қазақстанның 9 облысында 21 субсидияланатын маршрут жұмыс істейді. Оларды іске асыруға 2025 жылы 6,4 млрд теңге бөлінді. Үшарал, Үржар, Көкшетау, Түркістан және басқа да туристік бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылып отыр.
22 тамыз 2025 ж. 295 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 143

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 137

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031