Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотқа дейінгі хаттама, жасалу әдісі мен тиімділігі

Сотқа дейінгі хаттама, жасалу әдісі мен тиімділігі









Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 4-бабына сәйкес дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу азаматтық сот ісін жүргізудің міндеті ретінде нақтыланған.
Осы бағыт бойынша араздасқандарды табыстыру үшін машықтанған татуластырушы-судьялар жұмыс жасауда.
Азаматтық процестік кодекстің талабына сәйкес судья соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы талап қою келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, ал татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қоюды қабылдауды он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Сот тараптарға татуласу рәсіміне қатысуға шақыру жіберіп, тараптардың татуласуына ықпал ету мақсатында шаралар қабылдайды.
Жалпы «сотқа дейінгі хаттама» жобасының қарастырылуы тараптарды ортақ келісімге келтіру мәселесіне заңды тұрғыда жан-жақты мән берілгенін көрсетеді. Сотқа дейінгі хаттаманың дауды бейбіт шешудің бірнеше тиімді тұстары бар. Хаттама толтыру тараптарға соттың құқықтық көмек көрсететінін білдіреді. Сотқа талап қою келіп түскен соң сот тараптарды заңға сәйкес татуластыру рәсіміне қатысу үшін шақырады. Сонымен бірге, тараптарға сотқа дейінгі хаттаманың үлгісін ұсынады. Тараптар сотқа дейінгі хаттамаға өздерінің уәждерін, талап-тілектерін, сонымен қатар іс бойынша дәлелдеме құжаттарын ұсынады.
Азаматтық процестік кодекстің 73-бабына сәйкес дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі.
Егер тараптар 10 жұмыс күні ішінде сотқа дейінгі хаттама жасамай-ақ татуластыру рәсімдері шеңберінде келісімді бекіту туралы өтініш жасаса, азаматтық іс қозғау және оны сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады.
Сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып татуласқан жағдайда ұйғарым 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады. Келісімнің шарттарын заңға сәйкестігін және алдын ала сот отырысында үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзушылықтардың болмауын тексереді, оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
Тараптар келмеген не татуластыру рәсіміне қатысудан бас тартқан жағдайда, татуластыру рәсімінің сәтсіздігіне анықтамалық парақта көрсете отырып, қайта бөлу үшін 10 жұмыс күні өткенге дейін талап қоюды сот кеңсесіне береді.
Татуластыру рәсімінің сәтсіз аяқталғанын немесе тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы жасау туралы өз өтінішін 15 жұмыс күні өткенге дейін орындағанын көрсете отырып, талап қоюды сот кеңсесіне қайта бөлу үшін басқа судьяға береді. Сот оны қайтаруға немесе қабылдаудан бас тартуға құқылы, өйткені бұл мәселені судья 5 жұмыс күні ішінде шешеді.
Егер талап қоюды қабылдау үшін негіздер жоқ деп таныса, іс бойынша іс жүргізуді тоқтату немесе талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылады.
Азаматтық процестік Кодекстің 16-тарауы аясында істі сот талқылауына дайындау бойынша іс жүргізу әрекеттері жүргізіледі.
Қазалы аудандық сотының төрағасы
Дәурен Нармағамбетұлы Әбдіхалықов
20 тамыз 2025 ж. 49 0

Көкем қайта келе ме?

20 тамыз 2025 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031