Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті

Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті

Ақтан батыр ауылындағы орталық алаңда ел қорғаған ер баба — Ақтан Ақайұлының 255 жылдық мерейтойына арналған ұлттық спорт сайыстары өтіп, қызыққа толы дүбірлі додаға ұласты.
Сайыс бірнеше спорт түрінен өтті. Атап айтқанда, қазақша күрес, қол күрес, арқан тартыс, аударыспақ жарыстарымен өрбіді. Жарысқа Ақтөбе облысы, Қармақшы ауданы мен Қазалы өңірінің мықты спортшылары қатысты.
Палуандар тартысында: І орын — Арал ауданынан келген білекті палуан Ибрагимов Бақтияр иеленді, ІІ орын — Қазалының үмітін арқалаған, намысты жігіт Қуаныш Есенге бұйырды, ІІІ орын — Қармақшының палуаны, Алмахан Спандиярға табысталды.
Білектілер бәсекесі қол күрестің қорытындысымен: І орын – Ақтан батыр ауылынан Өмірбеков Әділетке бұйырды. Әйтеке би кентінен ІІ орын –Жалғасбек Мақсат пен ІІІ орын – Кәден Иьяс иеленді.
Арқан тартыс бәсекесінде де тартыс қыза түсті.
І, ІІІ орындар Ақтан батыр ауылы иеленсе, ІІ орын – Бекарыстан би ауылының командасы алды.
Аударыспақ сайысы екі кезең бойынша өте тартысты өтті. Жеңіл және ауыр салмақ дәрежесінде боз аттың үстінде шеберліктерін сынға салған спортшылар көрерменге нағыз ұлттық спорттың кереметін сыйлады.
Жеңіл салмақта (80 кг-ға дейін) 16 сайыскер бақ сынады.
Нәтижесінде: І орын — Ырғыз ауданынан келген, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы Кәрім Нұрталап, ІІ орын — аудан намысын қорғаған Жұмабаев Жасұлан, ІІІ орын — қазалылық Қанибай Дәуірхан еншіледі.
Ауыр салмақта (80 кг-нан жоғары) 9 спортшы додаға түсті.
Нәтижесінде: І орын — Ырғыз ауданынан келген Еркінұлы Нұржан, ІІ орын — Қазалы ауданының үміткері Бегімов Мұхаммед, ІІІ орын — Арал ауданынан қатысқан Берекетов Шәмші еншіледі.
Жүлдегер спортшыларға қаржылай сертификаттар табысталып, арнайы дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, ертең батыр баба рухына арналған ат бәйгесі өткізілетін болады.
17 тамыз 2025 ж. 314 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 120

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930