Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақтық ақындар мүшәйрасы өтті

Аймақтық ақындар мүшәйрасы өтті

Халқымыздың азаттығы мен елдігі жолында атой салып, жауға қарсы найза түйреген ержүрек батыр – Ақтан Ақайұлының 255 жылдық мерейтойы аясында рухани мазмұны жоғары, тағылымы терең «Ақ күн туды басыма» атты аймақтық ақындар мүшәйрасы өтті.
Шараны республикалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы, қазақ эстрадасындағы бірнеше танымал әндердің авторы, жас ақын Ақжол Түменбай жүргізді. Ақындар аламанын әділ бағалап, өнер иелеріне төрелік еткен – №190 мектеп директорының орынбасары Нұрлан Көпжасарұлы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Махамбет Жеткербай болды.
Мүшәйраға Қармақшы, Сырдария аудандары мен ауданға қарасты ауылдардан 11 ақын қатысып, батыр бабаға арнаған жырларын тебірене оқыды. Сөз маржанын теріп, додаға түскен ақындар арасында:
Бас жүлде – Абай ауылынан келген арқалы ақын Махашов Әлиханның еншісіне бұйырды.
І орын – Лахалы ауылынан қатысқан жас талант Әділбекова Нұрасыл иеленсе,
ІІ орын –Ғ.Мұратбаев ауылынан Ермекқызы Нәзияға табысталды.
ІІІ орын – Қос ақынға бұйырып, Қармақшы ауданынан келген Мөлдір Тәңірбергенова мен Аралдық Айгүл Кузенова марапат биігінен көрінді.
Шараға белсене қатысып, жүлделі орындар алған жас ақындарға қаржылай сыйлықтар және дипломмен марапатталды.
17 тамыз 2025 ж. 330 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930