Еліміздің 17 өңірінде өрттің жоғары қаупі мен дауылды желге байланысты ескерту жасалды:
Астанада, Шымкентте және еліміздің 17 өңірінде өрттің жоғары қаупі мен дауылды желге байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды newsroom.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астана – күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін, күндіз кей уақытта 23 м/с дейін жетеді.
Шымкент – төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы – облыстың таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы – түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында өрттің жоғары қаупі сақталады, ал солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар. Ақтауда түнде найзағай күтіледі.
Алматы облысы – күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысы – күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, солтүстік, шығыс, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстігінде – жоғары өрт қаупі. Атырау қаласында күндіз найзағай болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Батыс Қазақстан облысы – күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз батысы, оңтүстігі және шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, күндіз екпіні 18 м/с.
Ұлытау облысы – күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық – 35°C күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 22 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы – күндіз батысында және солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында жел оңтүстік-батыстан, батыстан, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысы – күндіз таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық – 35-36°C. Солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 36°C қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы – облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай, күндіз бұршақ және дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кейде 23 м/с. Солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында күндіз найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы – түнде батысы мен солтүстігінде найзағай, күндіз солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Күндіз шығысы мен орталығында шаңды дауыл. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады – 15-20 м/с, күндіз батысы, солтүстігі, шығысында екпіні 23-28 м/с. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с.
Ақтөбе облысы – күндіз облыстың оңтүстігі, солтүстігі және батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, солтүстігі, шығысы және батысында екпіні 15-20 м/с. Батысында, оңтүстігінде, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысы – күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстігі мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы – жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық – 35°C. Солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы – күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, батысы мен солтүстігінде кейде 23 м/с. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысы – жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, солтүстігі, оңтүстігі және орталығында 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық – 35°C. Шығысында жоғары өрт қаупі, батысы, солтүстік-батысы және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы – күндіз облыстың солтүстігінде найзағай, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық – 40°C. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы – облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, түнде батысы, солтүстігі және оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кейде 23-28 м/с. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, кейде 23-28 м/с.