Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманаттықтар жаңа оқу жылы алдында игі дәстүрді жалғастыруда

Аманаттықтар жаңа оқу жылы алдында игі дәстүрді жалғастыруда

«AMANAT» партиясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке дайындайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткізуде. Бұл игі іс осымен 16-шы рет ұйымдастырылып отыр. Акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды 1 қыркүйекке дайындауға көмектесу.

Бүгін партияның Қазалы аудандық филиалында бастауыш партия ұйымдарының атсалысуымен 20-ға жуық бала оқу құралдары, қажетті кеңес туараларынан тұратын мектеп сөмкелерімен қамтамасыз етілді.

Шара барысында аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш партияның «Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде жыл сайын өткізіліп келе жатқан дәстүрлі акцияның маңыздылығын атап өтті.

«Балалардың білімге алаңсыз қадам басуына жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Осындай шаралар арқылы балалардың жаңа оқу жылына қуанышты көңілмен қадам басуына мүмкіндік тудырамыз. Баршаңызды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтаймын!» – деді филиал төрағасы.

Өз кезегінде шараға қатысқан ата-аналар мен ұстаздар алғыстарын білдіріп, көрсетілген қолдаудың маңызы зор екенін айтты. Айта кетейік, қайырымдылық акциясы алдағы күндері де жалғасын табады.

#AMANAT
15 тамыз 2025 ж. 375 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 124

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930