Партиялықтар баланы мектепке даярлауға атсалысуда
Жаңа оқу жылы қарсаңында «АМАNАТ» партиясы жалпыреспубликалық «Баланы мектепке даярлайық!» атты қайырымдылық акциясын бастаған болатын. Дәстүрлі өткізілетін акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу.
Бүгін партияның аудандық филиалында акция шеңберінде өткен шарада партия филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының қолдауымен 30-дан аса бала кеңсе тауарлары салынған сөмкелермен қамтылды. Сондай-ақ партия депутаттарының демеушілігмен бірқатар балаларға қаржылай сертификаттар табысталды.
Аудандық партия филиалының төрағасы бүлдіршіндерге оқуда озат болып, үлгілі оқушы атануларына тілектес екенін жеткізді.
- Пaртияның «Бақытты отбaсы» жобaсы aясында қолға aлынған дәстүрлі іс-шара биыл 15-ші мәрте ұйымдaстырылғалы отыр. Жaңa оқу жылының қaaрсaңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болaрына сеніміміз мол. Бaршaңызды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтаймын!, - деді Ғазиз Әліш.
Сондай-ақ жиында аудандық мәслихат депутаты Арғын Орымбаев балаларға жаңа оқу жылы қарасаңындағы ізгі тілегін білдірсе, ал ата-аналар балаларын мектепке даярлауға жәрдем берген партиялықтарға ризашылықтарын жеткізді.