Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мама, сіз, мемлекетсіз бе?..

Мама, сіз, мемлекетсіз бе?..

«Бұрын біз күні-түні кітап, газет-журнал оқитынбыз. Бір нәрсе оқымаған күніміз болса, сол күніміз босқа кеткендей еді. Егер басқа біреу сенің оқымаған кітабың туралы айтса, оны білмеу ұятқа саналатын» дегенімді қанша рет қайталасам да, онымнан түк шықпады. Қолым қалт етсе, сол әлгіндегі «кітап жырына» тағы басамын ғой... Осындайда үлкен қызым: «Мама, кітап деген уақытыңның бәрін құртады. Қаншама сағат, күнді бір мәлімет алу үшін құрту просто, жалко», – деді. Бұл сөзіне бірнеше күн ренжіп жүргенімді ол сезінді ме, сезінбеді ме, маған беймәлім. Сірә, сезінбесе керек. Жақында тұңғышымның кітап тұрмақ, бір әнді соңына дейін тыңдауға шыдамы жетпейтінін байқадым. Сырын сұрағанымда: «Сіздердің кездеріңіздегі ұзааааааааақ өлеңдер әбден ішті пыстырады. Әннің бірінші қатарында қандай ән, не туралы екені айтылуы керек. Сосын керек, керек емесін ажыратып аламын. Сіз ұнатқан әннің мазмұнын білу үшін бірнеше минут әуен, кемі бір қатар мен қайырмасын тыңдауыңа тура келеді» ,– деген жауап алдым.
Бала тәрбиесінің нағыз мамандары – психологтардан кішкентайлар естігенін емес, көргенін қайталайтынын талай естігенім бар. Алайда күнделікті 8 сағаттық жұмыспен бірге шағын шаршы метрлік пәтерде үлкені он, кішісі үшті толтырған төрт баламен өзімді дамытуға уақыт бөліп, кітап оқып үлгі бола аламын деу қай жағынан да қисынсыз.
Басқа жолын іздеуге ұмтылдым. Талғамға талас жоқ. Әлеужелідегі ақылдылар айтпақшы, «әркіммен өз тілінде сөйлесу» нұсқасын дұрыс деп таптым.
Мектепте оқитын екі оқушы баламның әр бестік бағасы, қазіргі тілмен айтсақ «10» балына 10 теңгеден ақша тіктім. Одан көбірек төлеуіме болар еді. Бұл орайда тағы сол мақтаулы мамандардың «баланы ақшаға тым жақындату – қауіпті» деген қағидасын ұстанып, осындай байламға келдім.
Алғашқыда он теңгені азырқағандар күніне мектептен 4-5, қосымша білім беру орындарынан 1-2 «бестігін» қосқанда, 60-70 теңге тапқанына қуанатын жағдайға жетті. Үлгерімі жақсы қызым қиналған жоқ, жұмыстан келе салысымен, есіктің алдынан күнделігін алып, тосып отырады. Лайфхагым ұлыма да көмегін тигізді. Орташа үлгерімдегі оның оқуында ілгерілеушілік пайда болды. Бұрынғы тақтаға шығуға қысылатын фобиясынан арылды. Өтірік-шыны аралас минуттық мәтін оқу жылдамдығы да ұлғайды. Алайда барлық дүниенің екі жағы болатындай, мұның да ұзамай зияны анықтала бастады. Күнделікті үй шаруасына қолқабыс ететін балаларым бар фокусын кітапқа жұмылдырып жатқанын сылтаурата бастады. Ұлым сан қуып, негізгі пәндерден бөлек, қосымша, баға қойылмайтын көркем еңбек, логика, цифрлық сауаттылық, дене тәрбиесі, музыкадан бір күнде бірнеше баға алып келетін күйге жетті. «Не деген көп баға?..» дегеніме, еш қысылмастан: «...Мынау тыныш отырғаныма», «...мынау тез киініп алғаныма» деген дәйекті сылтауларын алға тарта бастады.
Оқу жылы аяқталар кезде жаңа әдіске көшу қажеттілігі туындады. Ұлымды ауданда жаңадан бой көтерген көрікті кітапхананың балалар бөліміне ертіп апардым. Жарық, жайлы, әсем безендірілген ортадағы әдемі кітаптарды көріп, қызығушылығы оянып кетер деген «мысықдәмем» оң нәтижесін бермеді. Бір беттік мәтінді ежелеп оқып шыққан ұлым, маған қарап: «Мама, телефон беріңізші, ішім пысып кетті», – демесі бар ма?
Қайтар жолда кітап дүкенінен ұлыма шағын ертегілер топтамасы, қызыма одан күрделілеу жануарлар мен өсімдіктер туралы кітапша алып бердім. Әр мәтінді түсініп оқып, қойылған барлық сұраққа мүдірмей жауап бергенде, 100 теңге беретінімді айттым.
Қызым күніне 500 теңгеге дейін ақша тауып жүрді. Ұлымда сол сылбырлық. Жанында отырып бір ертегіні қызықтырып, әрең оқыттым. Ақша беріп жатып: «Балам, менің жұмыс істеп тапқаным сияқты, бұл де сенің адал еңбегің. Енді ол менікі емес, толық сенің ақшаң. Мемлекет адамның білімі үшін әрқашан ақша береді», – дегенді айтып едім, балам бетімнен сүйіп жатып: «Мама, сонда сіз мемлекетсіз бе?» – деді сұраулы кейіппен. «Иә, мемлекетпін. Үлкен мемлекеттің бір бөлшегімін. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенді Абай ата осындайда айтқан», – десем, балам: «Керемет, сонда мен білімді болсам да Димаш аға сияқты әлемнің бәрі тани ала ма?» – деді шаттанып. Перзентімнің әлемге танылуға деген ұмтылысы кеудемді қуанышқа толтырса да, оңай жол іздеуі терең ойға батырды.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
16 тамыз 2025 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031