Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев заңға ұстаздардың құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды

Тоқаев заңға ұстаздардың құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.

Тоқаев мұғалім құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуы керегін айтты. Сонымен қатар ұстаздарға міндетінен тыс жұмыс тапсыратындарды сынға алды. Осындай жағдайларды болдырмауды прокуратураға тапсырды. Сондай-ақ, президент балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін де мұғалімді жазалауды доғару керектігін мәлімдеді.

«Мектептен тыс жерде, ата-аналардың жауапсыздығынан оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес. Алматы облысында түлектер арасында болған қайғылы жағдай үшін директор мен мұғалімдер жауапқа тартылып, жұмыстан шығарылды. Министрлік олардың мүддесін қорғап қалды. Дұрыс. Біз мұндай келеңсіздікке жол бермеуіміз керек», – деді президент.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы балалардың мектептегі тамақтану тәтібіне де баса назар аударды.

«Маңғыстауда балалар сапасыз тамақтан уланып қалғанын білесіздер. Осы сұмдық жағдайдан кейін мектептегі тамақтың сапасын қадағалау жұмысын Денсаулық сақтау министрлігі толығымен өз міндетіне алды. Бұл өте дұрыс шешім болды. Жалпы, білім саласы – мемлекет үшін стратегиялық мәні бар сала. Сондықтан, құзырлы мемлекеттік органдар білім саласындағы мәселелерден сырт қалмауы керек», – деді Тоқаев.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында Атырауда бір мұғалім педкеңестен кейін суицид жасамақшы болған еді.
15 тамыз 2025 ж. 251 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 124

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930