Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаевтың тапсырмасы: Қазақстанда жаңа штаб құрылды

Тоқаевтың тапсырмасы: Қазақстанда жаңа штаб құрылды

Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Қазақстанда Президенттің тапсырмасымен шенеуніктер мен күштік құрылым өкілдерінен құралған жаңа штаб құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтқан тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданған. Штабты елдің Премьер-министрі басқарады, ал оның орынбасарлары болып Премьер-министрдің орынбасары мен Ішкі істер министрі тағайындалды.

Негізгі міндеті
Штабтың негізгі міндеті ретінде мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру жөніндегі іс-қимылын үйлестіру, алдын алу шараларын жүзеге асыру бойынша тиімді тәсілдер әзірлеу, есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасын, емін және оңалту жүйесін жетілдіру жұмыстары айқындалды.

Құрамы
Штаб құрамына Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері, сондай-ақ, бірқатар жауапты министрлік басшылары енді.Премьер-министрдің өкімімен облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құру көзделген.
14 тамыз 2025 ж. 272 0

ТАСТАМАШЫ, АНА...

08 сәуір 2026 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930