Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы арнайы штаб құрылды

Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы арнайы штаб құрылды

Штаб құрамына бірқатар ведомствоның басшысы кірді
Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы арнайы штаб құрылды
Фото: istockphoto.com
Үкімет президент тапсырмасы аясында нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде премьер-министрдің өкімімен Нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрылды. Оған Премьер-министр басшылық етеді, басшының орынбасарлары ретінде Премьер-министрдің орынбасары және ішкі істер министрі айқындалды.
Штабтың негізгі міндеті болып мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру жөніндегі іс-қимылын үйлестіру, алдын алу шаралары кешенін жүзеге асыру бойынша тиімді тәсілдер әзірлеу, есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасын, емін және оңалту жүйесін жетілдіру жұмыстары айқындалды.
«Штаб құрамына Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері, сондай-ақ бірқатар жауапты министрлік басшылары енді.
Премьер-министрдің өкімімен сондай-ақ облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құру көзделген», – делінген Үкімет хабарламасында.



14 тамыз 2025 ж. 251 0

ТАСТАМАШЫ, АНА...

08 сәуір 2026 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930